+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты
Құрметті аудан тұрғындары!
07 Мамыр 2019 ж., рет қаралды: 73
Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1992 жылдың 7 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері Отан қорғаушылар күні жалпыхалықтық мерекеге айналды.       Бұл мереке еліміздің тыныштығын, халқымыздың амандығын кірпік қақпай қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Елімізді қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Бұл жауынгерлер үшін асқақ абырой екені сөзсіз. Сол себептен де антына адал,...
Құрметті аудан тұрғындары!
01 Мамыр 2019 ж., рет қаралды: 64
Қадірлі қонақтар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!  1 мамыр - татулық пен достықтың, бауырластық пен бірліктің мерекесі. Бұл күн Қазақстанда тұратын барша ұлт пен ұлыстың ортақ  ынтымақ  тойы. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Мереке  қарсаңында 2019 жылдың 29 сәуір күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 17 сессиясы өтті. Сессия барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты мен қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру қажеттігі...
Сайлаушылардың тізімін құрастыру бойынша «Call-center» орталығының (тобының) жұмысы және тұрғындармен сайлаушылар тізімінде өз деректерін тексеру туралы
20 Сәуір 2019 ж., рет қаралды: 101
Аққулы ауданы әкімі аппараты ғимаратында сайлаушылардың тізімін құру бойынша орталық (топ) орналасқан. Орталық басшысы Машрапов Азат Амангелдіұлы. Байланыс телефоны: жұм.тел.8(71839)21-0-28, сот.87056007197. Құрметті сайлаушылар, телефон шалу арқылы Сіз өзіңіздің мәліметтеріңізді нақтылай аласыз (участік нөмірін, орналасу орны және т.б.).
ХАБАРЛАНДЫРУ
17 Сәуір 2019 ж., рет қаралды: 83
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ (бұдан әрі - «ҚИДИ» АҚ) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 қаулысына сәйкес даму саласындағы экспортты дамыту және жылжыту бойынша ұлттық институт болып белгіленіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.  Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы...
Ашық есіктер күні!
17 Сәуір 2019 ж., рет қаралды: 51
2019 жылғы 17 сәуірінде 10.00 сағатта Жамбыл ауылының мәдениет үйінің ғимаратында «Ашық есік күндері» өткізілді. Осы іс-шараға Аққулы ауданының келесі мемлекеттік мекемелері: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, Павлодар облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Аққулы ауданының халықққа қызмет  көрсету филиалы, денсаулық сақтау мемлекеттік органы. Барлығы түрлі сұрақтар бойынша түсініктеме алу үшін 38 адам жүгінді. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің және халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арнаулы әлеуметтік көмек тағайындау,...
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!!!
17 Сәуір 2019 ж., рет қаралды: 86
«Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің Жаһандық индекс көрсеткіштерін жақсарту мақсатында тұрғындарды толық қамту және зияткерлік меншік нысандарына арналған құқықтарды қорғау сұрақтарына құқық иелерін тарту үшін 2019 жылғы 6-17 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен «Контрафакт» Республикалық акцияны өткізу жоспарланған.  Жоғарыда аталған акция аясында мыналарды өткізу көзделген: 1) ағымдағы жылдың 10 сәуірден  3 мамырға дейін 18 жастан асқан жастардың арасында «Ең жақсы қысқа бейне ролик (vine) «Контрафактқа жол бермеу» республикалық конкурс; 2) ағымдағы жылдың 10 сәуірден  3 мамырға...
2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 10 сұрақ
02 Сәуір 2019 ж., рет қаралды: 107
Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Төменде біз жиі қойылатын 10 сұрақ пен олардың жауаптарын келтірдік. 1) Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай жерге жүгіну қажет? Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 1 сәуірден басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Егер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне...
Абай болыңыздар – су тасқыны!
29 Наурыз 2019 ж., рет қаралды: 99
Шығыс-Қазақстан облысының аумағында жауын-шашынның көп болуына және құятын сала көбеюіне байланысты, Шүлбі су қоймасының қарқынды толуын азайту мақсатында 2019 жылғы 27 наурыздың сағат 08.00-нен бастап, көбейту мүмкіндігімен орта тәуліктік шығын секундына 600 текше метр белгіленді. Ертіс өзенінде қазіргі уақытқа қалың мұз тұр, осыған байланысты жағадағы аумақтар сумен басылып, судың мұз үстіне шығуы, ықтимал кептеліс және жағадағы елді мекендерді су басумен алдына ала сеңнің жүруі күтіледі (халықты құлақтандыру, эвакуациялау іс-шаралары, суды әкету және елді мекендерді қорғау бойынша уақытылы жұмыстар және т.б.)...
Құрметті аудан тұрғындары!
22 Наурыз 2019 ж., рет қаралды: 73
Қадірлі қонақтар!        Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – ежелден келе жатқан, жер бетіндегі тіршілікті оятатын, халықты  бірлікке,ынтымаққа, достыққа шақыратын күн. Бұл мереке – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы! Көктем мезгіліндегі күн мен түннің теңелуін ежелден ата-бабаларымыз Ұлыстың ұлы күні деп атаған.. Адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласқан. Мол дастархан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан.  Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін...
Аққулы ауданының мемлекеттік мекемелерінде  «Өзін-өзі басқару» акциясы өтті
18 Наурыз 2019 ж., рет қаралды: 89
2019 жылғы 15 наурызда Аққулы ауданында жастар жылына орай «Өзін-өзі басқару» акциясы өткізілді. Бұл шараға Аққулы ауданы Агротехникалық колледжінің 2-3 курс студенттері тартылды. «Дублерлерге» аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Т. Кобайдаров пен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Қ. Шакенов ауыстырылды. Бұл акцияның басты мақсаты жастар арасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын және мекемелердің ашықтығы мен қолжетімдігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралармен және олардың күнделікті қызметімен танысу болып табылады.  
© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group