+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Соңғы қонырау!!!

Қайырлы күн, ардақты ұстаздар,

қадірменді  ата-аналар,

құрметті түлектер!

Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін ерекше күн, себебі 11 жыл бойы білім ордасынан нәр алып, мектеп қабырғасынан тәлім-тәрбие алған әрбір түлек үшін бұл сәт – жаңа өмірдің бастамасы.

Бірінші сыныпқа тарыдай болып – балалық арманындарын жетелеп, білім алуға келсеңіздер, бүгінде – кәмелет жасқа толып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салудамыз.

Құрметті жас түлектер!

Алдарыңызда мемлекеттік емтихан тапсыру сынағы тұр, осы сыннан сүрінбей өтіп, өмірден өз орындарыңызды таба біліңіздер.

Өйткені еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда деп білеміз.

Бүгінде Үкімет тарапынан жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалынған.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.

Биыл ауданымызда барлығы 78 түлек жарқын болашаққа аттанғалы тұр.

Оның 70-і ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, екеуі «Алтын белгіге», ал бір түлек үздік аттестатқа үміткер атанып отыр.

Түлектеріміз  өмір жолдарын тауып, туған өлкенің даңқын асырып, оның өсіп-өркендеуіне, өңірдің гүлденуіне өзіндік үлес қосады деп  сенемін.

Қымбатты түлектер!

Алдарыңда жаңа, ересек өмірдің бағындырар белестері мен сан қырлы керемет асулар күтіп тұр.

Талай жылдар бойы, мектеп қабырғаларында алған білімдерің арқылы өмірлік жолдарыңды тауып, туған өлкеміздің дамуына үлес қосатындарыңа сенімдімін.  

Өмір жолдарыңыз түзу болып, бастаған істеріңізге сәт-сапар тілеп, зор денсаулық, бақ-береке, отбасы-шаңырақтарыңыз тек қана амандық-саулықта болуына тілектеспін!

Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group