+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

1 Маусым халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті балалар,

ата-аналар, жерлестер!

       Сіздерді Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қоғамның басты мақсаты – балаларымызды ақылды, тәрбиелі, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда  елімізде  балалардың алаңсыз білім алуына,бақытты балалық кезеңдерін өткізуге  барлық  жағдай жасалып  отыр.

Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша және мектеп болып табылады.

Биылғы 2018-2019 оқу жылында мектеп оқушылары ауданымыздың атын шығарып, республикалық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің 9 – сынып оқушысы Қалым Еңлік, Шарбақты жалпы орта білім беру мектебінің 8 – сынып оқушысы Жастлек Елдос,

3 – сынып оқушысы Төлеген Алихан, 2 – сынып оқушысы Құсаин Іңкәр, Тілектес жалпы орта мектебінің 7 – сынып оқушысы Сейткулова Данеля және Жамбыл орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Тулеубаева Дильназ.

Сонымен қатар ауданның білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген оқушыларымыз да баршылық.

  Қымбатты бүлдіршіндер!

Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілеймін!   Ата-ананың, еліміздің  мақтанышы болыңыздар!

       Аңсаған армандарыңыз орындала берсін!

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group