+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

2018 жылы «Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi конкурс өткiзу басталғаны жарияланады.

Конкурс өңiрлiк және республикалық деңгейде екi кезеңде өткiзiледi. Оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қатыса алады. Конкурстың лауреаттары атағы 3 санатта берiледi:

1)      шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2)      орта кәсiпкерлiк субъектiсi;

  3)  iрi кәсiпкерлiк субъектiсi;

және төрт номинация бойынша:

1) «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, бағыталған әлеуметік бағдарламалары іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыру,уңбекті қорғауды ұйымдастыру,кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру,  және т.б) бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады;

2) «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын».

Бұл номинацияда үмiткерлердiң еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердiң еңбек ету барысында денсаулығын сақтау әрекетi қаралады;

3) «Үздiк ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

4) «Экологияға қосқан үлесi үшiн».

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Конкурсқа катысу үшiн үмiткерлер материалдарды екi данада жолдайды, оларда:

1) толтырылған өтiнiм;

2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады. Үмiткердiң есебiнде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);

4) қосымшаға сәйкес сауалнама болуы тиiс.

Үмiткерлер барлық қажеттi материалдарды «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ жолдаулары тиiс.

Конкурсқа қатысу үшiн материалдар қағаз және электронды тратушыларда өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi 2019 жылғы 19 шiлдеде аяқталады.

Өтiнiмдердi беру және құжаттарды рәсiмдеу үшiн «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ Аққу ауылы Амангельды көшесi, 84а мекенжайы бойынша жүгiну қажет. Эл. адрес: ozisp.akku@yandex.kz

Қосымша ақпаратты (871839) 79174. телефондары арқылы алуға болады.

 

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group