+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Қадірлі тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 74  жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 

       Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, біздердің аталарымыз бен әкелеріміздің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс  болды. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке, ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

        Ұлы Отан соғысы  талай ананы баласынан, баласын әкесінен айырды. Майданға ер азаматтармен бірге жаңа шыққан гүлдей, нәзік қыздарымыз да аттанған болатын. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Гитлер бастаған фашистік Германиядан елін-жерін қорғау үшін ауданымыздан 1711 адам аттанса, ауылда қалған ел үшін нағыз еңбек майданы басталған еді.

       Кәрі-жас демей таңның атысымен, күннің батысынан жұмыс істеп, майдандағы азаматтарға көмек жіберіліп отырды. Соның мысалы ретінде, ауданымыздың тыл еңбеккері Қаппас Ыдырысхан атамыз, жиған терген қаражатын, барын беріп, соғыстағы азаматтарға көмек ретінде 1 танктін құнының    қаражатын майданға жіберген.

Қаншама ер-азаматымыз қан майданда ерлікпен қаза тапты.  Майданнан аман  есен елге оралған ардагерлерміз, ауданның өнеркәсіп, ауылшаруашылық саласында дамуына көптеген үлесін қосқан. Жылдан жылға Отан қорғау үшін болған қанды шайқастың куәгерлері - ардагерлердің қатары сиреп барады. Биыл, үлкен өкінішке орай, 18 сәуір күні ауданымыздағы Ұлы Отан Соғысының соңғы ардагері Қасенов Қаблен Қасенұлы атамыз 96 жасында дүниеден озды.           

Қаблен Қасенұлы дүниеден өтсе дағы, оның жарқын бейнесі, елі үшін атқарған ерлігі  біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!!!

       Ұлы Отан соғысында Қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті.    Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Бес жүзден астам қазақстандық жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановасынды қазақтың батыр ұл-қыздарының ерліктері ұрпақ жадында өшпестей із қалдырды. Соларға біздің жерлестеріміз Абылхаир Баймолдин бен Сембай Қалиевті теңестіруге болады. Сұрапыл соғыста қаза тапқан және ел арасында аман жүрген  ардагерлерге алғыс айтып, басымызды иеміз.

     Құрметті  жерлестер,  біз адамзат баласына орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз. Баршаңызға осы Ұлы мереке күні мықты денсаулық,   шаңырақтарыңызға   амандық, құт-береке тілеймін!  Тәуелсіз еліміз ашық аспан астында өркендей берсін!    

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group