+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1992 жылдың 7 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері Отан қорғаушылар күні жалпыхалықтық мерекеге айналды.

      Бұл мереке еліміздің тыныштығын, халқымыздың амандығын кірпік қақпай қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Елімізді қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы.

Бұл жауынгерлер үшін асқақ абырой екені сөзсіз. Сол себептен де антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашан да асқақ болары анық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы және Қарулы Күштерді әрі қарай дамытудағы тарихи рөліне ерекше көңіл бөлуде.

Елбасы саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық армияның кәсіби деңгейі, әскери қабілеті мен дағдысы айтарлықтай өсіп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері азаматтардың тыныштығының және мемлекет тұрақтылығының шынайы кепіліне айналды.

 Бүгінде елімізде жас сарбаздарға әскери борышын өтеу үшін барлық жағдай жасалған. «Әскери қызмет және әскери қызмешілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес Отан қорғаушылар лайықты деңгейде әлеуметтік жағынан қамтылып, кепілдіктерге ие болуда.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенемін.

 Баршаңызды батырлық пен ерліктің мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
        Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!

Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін. 

 Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!

 

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group