+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі қонақтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

1 мамыр - татулық пен достықтың, бауырластық пен бірліктің мерекесі. Бұл күн Қазақстанда тұратын барша ұлт пен ұлыстың ортақ  ынтымақ  тойы.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы.

Мереке  қарсаңында 2019 жылдың 29 сәуір күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 17 сессиясы өтті.

Сессия барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты мен қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру қажеттігі туралы айтты.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Біздің ауданымызда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының филиалы бар, қазіргі таңда 5 этно - мәдени   бірлестіктері  жұмыс атқаруда. Олар:

-      Жамбыл ауылында татар – башқұрт этномәдени бірлестігі;

-      Ямышев ауылында шешен – инғұш    этномәдени бірлестігі;

-      Черное және Ямышев ауылдарында орыс этномәдени орталықтары;

-      Сібір казактары кеңесі қоғамдық бірлестігінің филиалы. 

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт береке тілеймін.

Қазақстанның көпұлтты халқы арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая  берсін!

Береке, бірлік жарассын! Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген аудан халқының достығы жасасын!

Қазақ елінің даңқы, береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group