+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Аяулы асыл жандар»

7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде шуақты, шырайлы көктемнің алғашқы күндері ардақты аналарға, сұлу асыл жандарға арналған мерекелік, салтанатты шара ұйымдастырылды. Мереке аясында мәдени ошақтың фойе залында «Әйел-өмірдің гүлі» фотоалаң инсталляциясы, «Асылымсың - жан ана» кітап инсталляциясы, Өнер мектебінің «Қол шебер» үйірмесі тәрбиеленушілердің аналарына арналған қол бұйымдары шығармашылық көрмесі ұсынылды. Салтанатты жиында аудан әкімі  ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына  үлестерін қосып жүрген әйел қауымына грамота мен алғыс хаттар табыстады.

Концерттік бағдарлама шымылдығын көмекейлі әнші Нұрсұлу Мустимова мен «Айналайын» бала бақша тербиеленушілері «Анаға сәлем» музыкалық композициясымен ашты. Мерекелік ән шашу барысында өмірдің гүлі, көңілдің жыры, отбасы діңгегі аяулы асыл жандарға арналған тебірентер ән, мың бұралған «Нұрдана» хореографиялық би ансамблінің сезімді биі,  ерлер қауымының «Все цветы» әні музыкалық шашуы тартылды. Әр музыкалық сәлемдеме  тықырыптық бейне роликтер, көрнекті футаждармен өрнектелді.  Мерекелік шарада  әйел қауымына гүл шоқтары тарту етіліп, концерт шуақты, әсем, көтеріңкі көңіл мен ықыласты сезімге толы өтті.

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group