+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Ашық есік күндері»

 

2019 жылдың 26 ақпанында сағ.14-30-да Майқарағай ауылдық округінің Мәдениет үйінің ғимаратында «Ашық есік күндері» өткізілді. Осы іс-шараға Аққулы ауданының келесі мемлекеттік мекемелер: халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруащылық бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Павлодар облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Аққулы ауданының халықққа қызмет  көрсету филиалы, сонымен қатар Аққулы ауданының денсаулық сақтау мемлекеттік органы, жер қатынастар, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, аудандық маслихат депутаты қатысты.

         Осы аталған шарада тұрғындар өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.

         Үй алу үшін кезекке тұру және мүлікті жекешелендіру  бойынша құжаттарды мемлекеттік корпарация арқылы тапсырды. Сонымен қоса 1 жасқа дейін бала күтіміне байланысты төлем алу бойынша құжаттар да мемлекеттік корпарация арқылы тапсырды.  Ауыл тұрғындары өздерінің үйдерінің құжаттарының дұрыстығынан сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарынан  кеңестер алды. Кәсіпкерлік және ауыл шаруащылық бөлімі мамандары оңтүстіктен көшіп келген тұрғындарына кеңестерін берді. Жұмысмен қамту орталығының директоры  ауыл жастары үшін «Бастау бизнес» бойынша оқыту, несие мен грант алуға болатыны туралы кеңес берді.

Ауыл тұрғындарының сұрақтары көбінесе, халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және  жұмысмен қамту орталығының мамандарына  қойылды.  АӘК және материалдық көмек бойынша көп балалы аналар да тиісті сұрақтарына жауап алды.

Барлығы 68 адам кеңес алуға қатысты, оның ішінде 42 мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы алынды.

 

Майқарағай ауылдық

округінің әкімі                                                  С.Т.Раскелдинов

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group