+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Ашық есік күндері»

     Аудан әкімімен бекітілген  кестеге сәйкес  2019 жылғы 26 ақпанда сағат 10-00 де Шақа  ауылдық округінде  Шақа ауылында әкімшілікте «Ашық есік күні» өтті.

        Осы  іс –шараға Аққулы ауданының келесі мемлекеттік мекемелер: халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Павлодар облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Аққулы ауданының халықққа қызмет  көрсету филиалы, сонымен қатар Аққулы ауданының денсаулық сақтау мемлекеттік органы, жер қатынастар, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, аудандық маслихат депутаты қатысты.

         Ауыл тұрғындары осы іс-шараны пайдалана отырып  мемлекеттік корпорация арқылы үй салуға, жер алу үшін өтініш берді, сондай- ақ халық  әлеуметтік қорғау бөліміне 7 адам, денсаулық сақтау 7 адам, білім беру 2 адам, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 2 адам, халықты жұмыспен қамту  3 адам,  құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөліміне 3 адам сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар аудан әкімінің аппарат басшысында 1 адам жеке қабылдауында болды, сұрағына түсініктеме алды.   Осы аталған шарада жаппай 37 тұрғын  өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.

                                       Шақа  ауылдық округі әкімінің аппараты

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group