+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Тұрғындармен кездесу

 

Аққулы ауданының әкімі А.Ә. Балғабаевтың аудан тұрғындары алдындағы  «2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» есебі  Баймолдин ауылдық округінен басталды. Жиынға Павлодар облысының еңбек басқармасының басшысы Капанов Асқар Капанұлы, облыстық мәслихат депутаты, «Ардақ» шаруа қожалығының басшысы Жанат Қажатұлы Тұрлыбаев,  аудандық мәслихат депутаты, «Асхат» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Зейноллаұлы Бисмельдинов қатысты.

Күн тәртібінде Баймолдин ауылдық округінің әкімі Қ.Омаровтың, Аққулы ауданының әкімі А.Балғабаевтың есептері тыңдалды, қорытынды есептік кездесуге өкілдер ұсынылды. Кездесуде өткен жылғы есепте берілген сұрақтарға сараптама жасалып, бүгінгі күні шешілмей келе жатқан ұялы байланыс мәселесі және ауылдық мәдениет үйінің электр жылу жүйесін отқазандыққа ауыстыру туралы мәселе қозғалды.

Жаңадан тағайындалған аудан әкімі рухты Баймолдин ауылының тұрғындарымен танысып, әлеуметтік нысандарын аралап, ауылдың тіршілігімен тыныстап қайтты.

Осы күнгі есеп Қызылағаш ауылдық округінде жалғасын тапты. Бесқарағай ауылында өткен кездесуге облыстық мәслихат депутаты, «Ардақ» шаруа қожалығының басшысы Жанат Қажатұлы Тұрлыбаев,  аудандық мәслихат депутаты  Әлтаев Қанат Мыңтайұлы қатысты. Тұрғындар тарапынан су құбырын күрделі жөндеуден өткізу  мәселесі көтерілді.

Осы іс-сапарда аудан әкімі Абзал Әбілхақұлы Балғабаев Ұлы Отан соғысының ардагері Қасенов Қаблен атаны туған күнімен құттықтап, еңбек ардагері, «Бесқарағай - Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Балташ Рамазанұлы Әлкеевпен жүздесіп қайтты. Сондай-ақ, әлеуметтік  нысандар мен «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруа қожалығында болды.

 

 

 

 

 

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group