+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тілектер шыршасы» орнатылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерінде «Тілектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттік қызмет алуға келуші кез келген азамат шыршаға ілінген бала тілегін орындап, шатыққа бөлей алады.

            Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттік корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тілектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілінген. «Бұл бастаманы біз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткізіп, 60 баланың тілегін жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниетті жомарт жандардың көп екенін білеміз, сондықтан бұл шараны биыл біз барлық облыстағы фронт-офистерде өткізуді жөн көрдік. Балалардың сұрататындары өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперуші азамат бүлдіршінді шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлісіп, бала үмітін ақтайды, армандарына қанат бітіреді», - дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

    Шыршаға тілек жазушы балалар аймақтардағы әкімдіктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдіршіннің тілек хаты ілінген, ондағы балалардың «Аяз атадан»  сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлі. Мысалы, қарағандылық 10 жасар Бексұлтан сырғанайтын конькиді қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С. Пушкиннің өлеңдер жинағын алғысы келеді.

    ХҚО-ға келуші кез келген азамат қалауынша хаттың біріндегі тілекті орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдіршіндердің армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелік шара барысында табыс етілетін болады.

            Жаңа жыл мерекесі қарсаңында баланың ізгі тілегін орындап, әлеуметтік маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз.

«Тілектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайы:

Павлодар қ., №3  ХҚО бөлімі, Павлов к-сі, 48

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

Коммерциялық емес

Акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

photo5249175340180416826

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group