+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Алдағы міндеттер айқындалды

Әкімдердің ел алдында есеп беруі - атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызатыны белгілі. 

Аудан әкімінің есебі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі фильммен үйлестірілді. Аудан әкімі Е.Н. Әйткенов өз баяндамасында ауданның әлеуметтік - экономикалық даму қорытындысы туралы 

айта келе, өткен жылы көптеген көрсеткіштер бойынша мақсатты индикаторларды жоғары деңгейде орындаудың мүмкін болғандығын және бұның ауданның атқарушы органдарының бірлескен нәтижелі жұмыстарының қорытындысы екендігін атап өтті. 

Соңғы бір жылда ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымының қарқынды өсуі байқалуда. Олар:

 аудандық маңызы бар авто жолдар мен ауылішілік көшелердегі жолдарға орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, аудындық мәдениет үйлері мен мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Мерғалым ауылында 200 орынды мәдениет үйі салынды т.б.

Тұрғын-үй құрылыс саласында үлкен жұмыстар атқарылды, сонымен қатар Ямышев және Жамбыл ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтау жобасы іске асырылды.

Сонымен қатар баяндама барысында ағымдағы жылға жоспарлар айқындалды: аудандық стадионды күрделі жөндеуден өткізу, үлгілі ветеринарлық пункттер салу, жолдарды жөндеу, клубтар мен мал қорымдарының жөндеуі мен құрылысына жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу, ауылдық округ әкімдеріне көлік сатып алу, шалғайдағы елді мекендерді ұялы байланыспен қамту сияқты міндеттер қойылды. 

IMG_4328

 

IMG_4337

IMG_4335

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group