+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Есепті кездесулер басталды

29 қаңтардан бастап аудан әкімі Е. Әйткенов халыққа есеп беруін бастады. Қалыптасқан дәстүр бойынша аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуіне ауылдық округ әкімдерінің есеп берулері де орайластырылды. Барлық кездесулерге ауылдық округ тұрғындары, аудандық бөлімдердің басшылары мен аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Бүгінгі күні есепті кездесулер бес ауылдық округте өткізіліп, 600-ден астам адамды қамтыды. Осы жиындарда шағын ауыл тұрғындары өз мәселелерін көтеріп, биліктің назарына ұсынды. 23 адам ұсыныс пікірлерін білдіріп, әлеуметтік бағыттағы: дәрілермен қамтамасыз ету, мәдениет ошақтарының құрылысы, жолдардың жөндеуі, оқушыларға арналған автобус сатып алу, ұялы байланыс өткізу сынды мәселелерін көтерді.

Кездесу барысында көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімі орында түсініктемелер беріп, ауданның бөлімдері басшыларына тиісті тапсырмалар берді.  Есепті кездесулер жағымды жағдайда өтті.

 IMG-20180131-WA0021

IMG-20180131-WA0025

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group