+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Лебяжі ауданының  Шақа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде 2 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бірінші түрі  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою».

     Бұл мемлекеттік қызмет түрі  бекітілген  стандарт  мен регламентке сәйкес атқарылады.

        Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

    Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

     Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болғанда).

     көрсетілетін қызметті берушінің  қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

   Екінші түрі «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру».  Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)    куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2)    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

         Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

     1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, журналға тіркейді және басшыға қол қоюға беру үшін анықтаманы ресімдейді

     2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және жауапты маманға анықтаманы жолдайды 

    3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы орындау құжаттарын береді

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру. 

Көрсетілетін қызметті берушінің  қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

 Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға   тегін көрсетіледі.

 Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8(71839)23202, 8(71839)23312

                Шақа ауылдық округі әкімінің аппараты.

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group