+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Мәдениет қызметкерлері «Болашаққа бағдар –рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылады

    2017 жылдың 3 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Л.Е.Құмарованың басшылығымен «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша, жалпы бағдарлама бағыттарын айқындап, түсіндірме, ақпараттандыру мақсатында ауылдық мәдениет мекемелері клуб меңгерушілеріне арналған кездесу  өткізілді. Кездесу  барысында мәдениет саласы қызметкерлері бағдарламалық мақаланы оқып шыққаннан кейінгі алғашқы көзқарас, ойларын жеткізе отырып, Жанатан ауылдық клубының меңгерушісі Ж.Сагимбаева ерекше мәнерлілікті, Черное ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Д.Өмірзақова дәлдікті, Шарбақты ауылдық клубының меңгерушісі М.Абулова қарапайымдықты белгіледі. Сонымен бірге, бағдарламаның сипаты терең, күрделі әрі кемелдігімен ерекшеленді.             

Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Кездесу қорытындысында әр қызметкер жұмыс барысында нақты бағыттарды   белгілеп,  ауылдық жерде халыққа, жастарға, оқушыларға дөңгелек үстелдер, кездесу кештері т.б. түрлі форматтарда  ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу  тұжырымдалды.

Мәдениет,тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі.

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2017
разработано: NF Group