+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Ұстаздық – ұлы құрмет»

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйекте ауданымызда мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздық – ұлы құрмет» атты мерекелік концерт өтті.

Мұғалім күні – жалпы мереке, тәрбие үшін, алған білімдері үшін риза білдіретін ұрпақтардың мерекесі. Мектепті, сыйлы мұғалімді еске алу өмір бойы барлығымызбен бірге жүреді және мейрімді қылықтарға итермелейді.

Осы күні ауданның мұғалімдерін аудан әкімі Е.Н.Әйткенов, аудан мәслихатының хатшысы С.Р. Мусинова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Т.Пұсырханов құттықтап, алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаттады. Зейнеткер ұстаздарға сыйлықтар және гүлдер табысталды.

Білім бөлімінің басшысы Е.Еркенов білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін аудан мектептерінің мұғалімдерін Павлодар облысы білім беру басқармасының грамоталарымен марапаттады. Сонымен қатар «Жыл мұғалімі – 2017» сайысының жеңімпаздары мен соңғы 3 жылда шаңырақ көтеріп отырған педагог-отбасылар марапатталды.

IMG_7372

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2017
разработано: NF Group