+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Ауыл тұрғындарына арналған ақпарат

   «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ  Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Ямышево ауылының тұрғындары арасында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

   Халықпен, кәсіпкерлермен, мемлекеттік органдармен кездесу барысында департтаменттін қызметі туралы, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіннің негізгі жерлерінеқысқаша түсінік берілді.

   Халықпен кездесуде мердігер ұйым, осы жұмысты жүргізуші, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Павлодар облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің басшысы А.Алибаев суық су мен жабдықтау жүйелерінде желілік және ауыз судың көлемін өлшеуге арналған пәтерлердің есептегіштерін кезең-кезеңмен тексерудің талаптары, қолданылуы және тәртібі туралы айтып берді. Бұдан басқа, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабын түсіндірді.

    Мемлекеттік органдармен кездесу барысында дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Т. Айтуганова, Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану және орналастыру бойынша түсініктемелер берілді.

     Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сұрақтарға сауатты жауаптар берілді.

 Айтуганова А.Т.,

«ҚР ИДМ ТРМК Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ бас маманы.

9573

9565

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2017
разработано: NF Group