+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылғы 25 қыркүйегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы  А.А. Машраповтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру жөнінде семинар-мәжіліс өткізілді. Семинарға ауылдық округ және бөлімдердің бас мамандары қатысты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу заңнамасын түсіндіру (А.Қ.Әлтаева);
  2. Ішкі басқылау бойынша жұмыс туралы есептерді тапсыру қағидаларын түсіндіру(Д.Е. Қамбарова);
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі бақылауын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қағидаларын түсіндіру (А.Қ.Әлтаева).

Семинар мәжілістің соңында аудан әкімі апаратының басшысы келесі тапсырмаларды берді:

  1. Тұрақты негізде нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
  2. Апта сайын, ай сайын және тоқсан сайын мемлекеттік бақылау Қағидаларымен қарастырылған есептердің нысанына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету есептерін тапсыру;
  3. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыруды жалғастыру, соның ішінде аудан әкімінің ресми сайты;
  4. Тұрақты түрде электронды, сонымен қатар қағаз түрінде және Мемлекеттік корпорация арқылы түскен мемлекеттік қызметтерге мониторинг жасау.

20170925_124245

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2017
разработано: NF Group