+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Жамбыл ауылдық округі

13 Қазан 2017 ж.

07.08.2017ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 1-1945-08-ММ, бастапқы тіркелген күні: 06.05.1998 ж.

Мекен жайы: Жамбыл ауылы.

Телефоны: 8 (71839) 41-5-05

Қабылдау күндері: сәрсенбі 09:00-ден 13:00-ге дейін (апта сайын)

 

Айтуганов

   Айтуғанов Нұрман Ғизатұлы

 2017 жылдың 18 тамызынан бастап Жамбыл ауылдық округі әкімінің м.а.

 Айтуғанов Нұрман Ғизатұлы 1969 жылы 10 наурызда Ресейде Славгород ауданы Куатовка ауылында дүниеге келді.

 Үйленген, үш баласы бар. Білімі жоғары, 1999 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар  мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған.

 Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл.

 Мемлекеттік қызмет өтілі – 17 жыл.

     Еңбек жолын 1987 жылы Лебяжі ауданының Жамбыл совхозында жұмысшы ретінде бастаған. 1988 жылдан 1990 жылға дейін Кеңес әскері қатарында әскери қызметін атқарды. 1992 жылдан 2000 жылға дейін   Лебяжі   ауданының Ленин негізгі мектебінде тарих және дене шынықтыру мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 2000 жылдан 2006 жылға дейін Лебяжі ауданының Жаңатаң негізгі мектебінің директоры болып жұмыс   істеді. 2006   жылдан бастап Лебяжі ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі ретінде еңбек етіп келеді.

     Ауылдық округтің әкімі өзінің қызметін 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті   мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын қолдады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды,   азаматтардың   құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының   Президенті мен Үкіметі   актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына   жәрдемдеседі, әкім аппараты   болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрғын әкімдіктің қарауына енгізеді.

  2017-ға жоспарланған жұмыстар:

 1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу.

 2. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру.

 3. Ауыл ішіндегі жолдардын пайдалануын қамтамасыз ету.

 4. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру. 

 

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group