+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Қызыләскер ауылдық округі

13 Қазан 2017 ж.

07.08.2017 ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу  № 11-1945-08 ГУ, қайта тіркелген күні: 30.07.2008г.

Мекен жайы:  Черное ауылы

Телефоны: 8 (71839) 25-3-09

Қабылдау күндері: дүйсенбі, бейсенбі  10:00 –нан 12:00 -ге (апта сайын)  14-00  -тен 18-00  -ге (апта сайын)

 

20170925_121757888 Сейтов Төлеген Тәсімұлы

 2017 жылғы 18 тамыздан бастап Қызыләскер ауылдық округі әкімінің м.а.

Сейтов Төлеген Тәсімұлы 1959 жылы 5 шілде айында Павлодар облысы Аққу ауданы, Шүртпалы ауылдында дүниеге келді.

Үйленген, үш баласы бар. Білімі жоғары, 1987 жылы Семей қаласының зооветеринар институтын тәмәмдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі-зоотехния.

 Жалпы еңбек өтілі -25 жыл.

Мемлекеттік қызмет өтілі – 25 жыл.

Еңбек жолын  1976 жылы Шақа механикалық орман шаруашылығында жұмыскер болып бастаған. 1979 жылдан 1981 жыл аралығында Совет әскерінде әскери қызмет  борышын атқарды. 1982 жылдан 1987 жылға дейін Семей қаласында зооветеринар институтын бітірді .  1987 жылдан 1995 жылға дейін Лебяжі ауданы СОҚП ХХIII съезі атындағы асыл тұқым шаруашылығының зоотехник, №1 бөлімше басшысы, бас зоотехник  жұмыстарын атқарды.2003 жылдан 2015 жылға дейін Черное орман шаруашылығында орманшы жұмысын атқарды. 2017 жылғы сәуір айынан 2017 жылғы тамыз айына дейін «Аққу-Сервис» ҚКММ-де  директор міндетін  уақытша  атқарды.

  Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы   «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару    және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын қолдады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың    Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының,  Қазақстан Республикасының Президенті  мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар  нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуынан жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын  бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттын бекітуі үшін жоғары тұрғын әкімдіктің қарауына енгізеді.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;

2. Ауылдың тазалық  жұмыстарын жүргізу:

3. Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу жұмыстары;

4. Ауылды көркейту шеңберінде ағаш отырғызу;

5. Иесіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу;

6. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмек көрсету 

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group