+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Лебяжі ауылдық округі

13 Қазан 2017 ж.

01.08.2017ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 51-1945-08-ГУ, бастапқы тіркелген күні: 21.04.1998 ж.

Мекен жайы: Аққу ауылы.

Телефоны: 8(71839) 21-3-41

Қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі, жұма 15:00-нан 17:00-ге дейін (апта сайын)

 

IMG_2403Балтабаев Енглік Нұрғалымұлы

2013 жылдың 8 тамызынан бастап Лебяжі ауылдық округі әкімі.

Балтабаев Енглік Нұрғалымұлы 1973 жылы 28 қараша айында Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Лебяжі ауылында дүниеге келді.

Үйленген, үш баласы бар. Білімі жоғары, 2010 жылы Павлодар қаласынның Инновациялық Еуразия университетін тәмәмдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – юриспруденция.

2002 жылыҚұқықтану және  халықаралық қатынастарының  Қазақ институтын тәмәмдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – құқықтану.

Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл.

Мемлекеттік қызмет өтілі – 19,4 жыл.

Еңбек жолын 2005 жылы Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің күзетшісі болып бастады. 2006 жылы экономика және бюджеттік бағдарлама бөлімінің технигі жұмысын атқарды. 2006 жылдың мамыр айынан 2007 жылғы мамыр айында аудан әкімі аппаратының жетекші маман- есепшінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2007 жылы аудан әкімі аппаратының жетекші маман- есепші болып жұмыс істеді. 2007 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы наурыз айы Лебяжі ауданы аппаратының ұйымдастыру және кадрлар бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарды.

2012 жылғы наурыз айынан 2013 жылғы тамыз айы Қызылағаш ауылдық округі әкімі қызметін атқарды. 2013 жылдың 8 тамызынан қазіргі уақытқа шейін Лебяжі ауылдық округінің әкімі.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазқстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазқстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарын қолдады.  Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазқстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазқстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуынан жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрғын әкімдіктің қарауына енгізеді.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;
  2. Ауылдың тазалық жұмыстарын жүргізу;
  3. Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу жұмыстары;
  4. Ауылды көркейту шеңберінде ағаш отырғызу;
  5. Иесіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.
  6. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмек 

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group