+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Шақа ауылдық округі

16 Қараша 2017 ж.

2017 жылғы 03 тамызды ММ тіркелді. Мемлекеттік тіркеу №10-1945-08-ММ, алғашқы тіркелген күні 1998 жылы 22.06.

Мекен-жайы: Шақа ауылы

Телефон: 8 (71839) 23-3-12

Қабылдау күндері: сәрсенбі, жұма сағат 10-00 ден 12-00 дейін (жұмасайын)

 

IMG_24075

 Шакарманов Төлеген Пшенбайұлы

2017 жылғы 18 тамыздан бастап Шақа ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.

1958 жылы 1 ақпанда Павлоар облысы, Лебяжі ауданы, Шоқтал ауылында дүниеге келген.Үйленге. Бес баланы тәрбиелеуде.

Білімі жоғары. 1984 жылы  Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтін бітіріп, 2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, орман-шаруашылық  ісі мамандығын алды. 

Жалпы еңбек стажі 42 жыл.

Мемлекеттік қызметегі стажі 25 жыл.

Еңбек жолын 1975 жылы Майқарағай совхозының  №1 бөлімінде малшы болып жұмыс атқарған. Әскер қатарында 1976-1978 жылдарда болған. 1978-1984 ж.ж Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтінің студенті болған. 1984-1988 ж. Майқарағай совхозының  №3 бөлімінде зоотехник болып жұмыс атқарған. 1988-1990 ж. Майқарағай совхозының  №3 бөлімінде бас зоотехник-селекционер болып жұмыс атқарған. 1990-1994 ж. Майқарағай совхозының  бас  зоотехнигі болып жұмыс атқарды.1994-1996 ж. «Шоқтал» шаруашылық ұйымының директоры. 1996-2003 ж. «Асыл» шаруа қожалығының басшысы. 2003-2007 ж. ММ МОТР «Ертіс орманы» Бесқарағай филиалының Майқарағай орманшылығының  меңгерушісі. 2007-2008 ж. ММ МОТР «Ертіс орманы» Бесқарағай филиалының бас мемлекеттік инспектор- директоры. 2009 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қазан айына дейін ММ МОТР «Ертіс орманы» табиғи аймақты және  комплекстерін қорғау бас директорының орынбасары және  бас мемлекеттік инспектордың орынбасары. 2010 жылдың қараша айынан бастап 2013 жылдың желтоқсан айына  дейін  ТОО «СМР-Павлодар» учаскелік басшы. 2017 жылдың 18 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Шақа ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушысы болып жұмыс атқарады.

   Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазқстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазқстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарын қолдады.  Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазқстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазқстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуынан жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрғын әкімдіктің қарауына енгізеді.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;

  2. Ауылдың тазалық жұмыстарын жүргізу;

  3. Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу жұмыстары;

      4.  Ауылды көркейту шеңберінде ағаш отырғызу;

     5. Иесіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.

     6. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмек 

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group