+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Майқарағай ауылдық округі

03 Маусым 2016 ж.

01.08.2017ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 5-1945-08-ГУ, бастапқы тіркелген күні: 04.09.1998 ж.

Мекен жайы: Майқарағай ауылы.

Телефоны: 8(71839) 42-1-88

Қабылдау күндері: сәрсенбі, жұма 10:00-нан 12:00-ге  дейін (апта сайын)

 

 20170925_1807086Раскелдинов Сайфулла Түкенұлы

 2017 жылдың 18 тамызынан бастап  Майқарағай ауылдық округі әкімінің м.а.

 Раскелдинов Сайфулла Түкенұлы 1965 жылы 5 желтоқсан айында Павлодар облысы, Аққу ауданы, Майқарағай ауылында дүниеге келді.

 Үйленген, екі баласы бар. Білімі жоғары, 1992 жылы Семей қаласының зооветеринар институтын тәмәмдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – зоотехния.

 2002 жылы Құқықтану және  халықаралық қатынастарының  Қазақ институтын тәмәмдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – құқықтану.

 Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл.

 Мемлекеттік қызмет өтілі – 19,4 жыл.

   Еңбек жолын 1983 жылы Майқарағай совхозында көлік ауласында бастаған. 1984 жылдан 1986 жыл аралығында Совет әскерінде әскери қызмет борышын атқарды. 1986 жылдан 1987 жылға дейін Майқарағай  совхозында көлік ауласында жұмыс істеді. 1987 жылдан 1992 жылға дейін Семей қаласында зооветеринар институтын  бітірді.  Майқарағай совхозында 1992 жылдан 1993 жылға дейін қоймада менгеруші  болды. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Аққу ауданында  милиция  инспектор қызметін атқарды. 1997 жылдан  2005 жылға дейін ҚР ӘМ Павлодар қаласының Ішкі Істер органы мен құқық қорғау органдары жүйесінде қызмет атқарды. 2005 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар қаласының  «ТОБЕЛЕС» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2009 жылға дейін Құқық Қорғау органдарында жұмыс істеді.  2009 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты. 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Шегебаев» ЖК-де заңгер болып жұмыс істеді.

   Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазқстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарын қолдады.  Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазқстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуынан жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрғын әкімдіктің қарауына енгізеді.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;
  2. Ауылдың тазалық жұмыстарын жүргізу;
  3. Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу жұмыстары;
  4. Ауылды көркейту шеңберінде ағаш отырғызу;
  5. Иесіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.
  6. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмек. 

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2018
разработано: NF Group