+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Аққулы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аққулы ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары және ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстан шыққанға дейін)

11 Қаңтар 2019 ж.

«Аққулы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

140700, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы,

Вс. Иванов көшесі 92,телефон: 8(71839)21019, 8(71839)21720.

bekzhanova.alr@pavlodar.gov.kz

Аққулы ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары және ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды

(уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстан шыққанға дейін)

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы бекітілген № 289 бұйрығымен енгізілген өзгертулерлерді ескере отырып) E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Min

max

E-G-3

69957

94109

E-G-3 санаты, 1 бірлік, коды 01-0-03. «Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы.

Функционалдық міндеттері:Бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық жылға арналған есептерді құруға қатысу, аппаратқа еңбекақыны есеп шоттарына түсіру, Қазынашылық бөлімі арқылы жасалатын есептерді жүргізу, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу келісімдерінің қазынашылық бөлімінен өткізіп хаттамаларын дайындау, жоғарғы органдарға қаржылық есептерін дайындау, қаржы қозғалысына байланысты операциялардың есебі мен бақылауын жүргізу, мердігерлердің дебиторлық және кредиторлық берешектерін тексеру, ауылдың санитарлық тазалығы, жасылдандыру және көріктендіру, автомобиль жолдарының қызметі, көше жарығы бюджеттік бағдарламалардың жоспарын дайындап іс жүзіне асыруды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында:  экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент) білімі барларға рұқсат етіледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Аққулы ауданы әкімі аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group