+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы

04 Қараша 2015 ж.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы

1. Жұмыс тәртібі
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 279 бұйрығына сәйкес тұрғындарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс уақыты - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
 Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдете қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің http://www.mzsr.gov.kz Интернет-ресурсінде, Орталық бөлімшелердің стендтерінде және ақпараттың ресми көздерінде орналасқан.
 
2. Көрсетілетін қызмет түрлері
Мемлекеттік қызмет атауы
бір қызмет алушының күтуіне барынша рұқсат етілген уақыт
бір қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемін тағайындау»
30 минут
30 минут
10 жұмыс күні
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
30 минут
30 минут
8 жұмыс күні
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»
30 минут
30 минут
8 жұмыс күні
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
30 минут
30 минут
8 жұмыс күні
«Әлеуметтік тәуекелдік жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігі мен босануын байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу; Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша табысынан айырылу»
30 минут
30 минут
8 жұмыс күні
«Баланың тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау»
30 минут
30 минут
7 жұмыс күні
«Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
30 минут
30 минут
8 жұмыс күні
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау»
30 минут
20 минут
7 жұмыс күні
«Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау»
30 минут
30 минут
3 жұмыс күні
Өзгертілді: 15.01.2015 16:18
Орналастырылды: 03.08.2015 11:39

Қаржыландыру көздері және төлем түрлері

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың негізгі міндеті зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады. Қаржыландыру Республикалық бюджеттен (бұдан әрі - РБ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жүргізіледі.
Республикалық бюджеттен:
- зейнетақы;
базалық зейнетақы төлемі;
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар:
- мүгедектiгi бойынша;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша;
- жасына байланысты берiлетiн;
-мемлекеттiк арнайы жәрдемақы:
- жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№1 тізім бойынша);
- еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға
( №2 тізім бойынша);
- бала тууына байланысты бiр жолғы жәрдемақы;
- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақы;
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы;
- арнайы мемлекеттiк жәрдемақы:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесірлері;
- Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен мүгедектік тобы бар қатысушыларының әйелдері (ерлері);
- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ, үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiнiң иегерлерi, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметтi атағына ие болған адамдар;
- Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;
- ЧАЭС апат салдарын жоюға қатысушылар;
- 1,2,3 топтың мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- Алтын алқа, Күміс алқа белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1 және 2 дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
- Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
- Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы алатын тұлғалар.
Жерлеуге арналған бір жолғы төлемақы
Өзгертілді: 15.01.2015 16:15
Орналастырылды: 03.08.2015 11:42

2015 жылға әлеуметтік индикаторлар

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1 982 теңге мөлшерінде;
Ең төмен зейнетақы (2015 жылы тағайындалатындар үшін) – 23 692 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 21 364 теңге;
Базалық зейнетақы төлемі – 11 182 теңге;
Жалақының ең төменгі мөлшері – 21 364 теңге.
Өзгертілді: 15.01.2015 16:14
Орналастырылды: 17.02.2015 15:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері мөлшерінің өсуі туралы» №1309 Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» № 259-V Заңына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған зейнетақы төлемдері 9 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты өсті. № 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, баланың тууына бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері АЕК-нің (айлық есептік көрсеткіштің) өсуіне байланысты көтерілді. Он сегіз жасқа дейін мүгедек бала (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,05* ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды
Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін мөлшерін барынша шектеу 41 АЕК (1 982 теңге х 41 = 81 262 теңге).
Облыс бойынша зейнетақы төлемдерінің орта мөлшері (күш құрылымдарын есепке алғанда)40 954 теңгені құрды, ең төменгі мөлшері 23 692 теңгеге дейін өсті, ең жоғары мөлшері 60 947 теңгеге дейін көтерілді.
Ең төменгі зейнетақы алатын адамдар саны - 6 076 немесе жалпы санынан 5,7%.
Еңбек өтілі толық болмаған кезде – 5 268 адам немесе 4,9%.
Ең жоғары мөлшерде зейнетақы алатын адамдар саны – 87 адам немесе жалпы санынан 0,1%, ал ең жоғарыдан да көп мөлшерде зейнетақы алатын адамдар саны - 17 001 адам немесе 15,8%,орташа және жоғарғы мөлшерде алатындар саны – 78 834 адам немесе 73,5%.
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11 182 теңгені құрайды, облыс бойынша бұндай төлемді 108 143 адам алады.
Баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері өсті - 62 255 теңге, ал төртінші және одан кейінгі бала туған жағдайда - 103 758 теңге.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері:
·бірінші балаға –11 417 теңге;
·екінші балаға –13 498 теңге;
·үшінші балаға –15 559 теңге;
·төртінші және одан кейінгі балаларға –17 640 теңге.
МӘСҚ-дан:
әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемге құқығы бар.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:
- еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына;
- асыраушысынан айрылу жағдайына;
- жұмысынан айрылу жағдайына;
- жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына;
- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына;
- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылу жағдайына.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына және асыраушысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлемдер мөлшері 7%-ға ұлғайды.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі туралы» № 1308 қаулысы.
Өзгертілді: 15.01.2015 16:14
Орналастырылды: 03.08.2015 11:44

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлем

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік сақтандыру 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін әйелдерге ана мен баланы қолдау үшін енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдар жүргiзген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне (МӘСЖ) қатысушысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатынан әлеуметтік төлемақыларды алуға құқығы бар.
"Әлеуметтік төлемақыны тағайындауға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі – ЗТМО) тіркелген жері бойынша жүгіну қажет.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жеке тұлғасын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);
2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы); - (түпнұсқасы);
3) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты уақытша еңбеккке жарамсыздығы туралы парағы (парақтары);
4) осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес жұмыс орнынан әлеуметтік тәуекелдік басталғанға дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы бекітілген үлгідегі анықтамасы (анықтамалар);
5) банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20-белгілік есепшот туралы хабарлама – түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;
6) өздігінен қызмет атқаратын тұлғалар үшін қосымша:
- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
- салық органдарымен берілген бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі
 
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған
жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық басталған
айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы
туралы жұмыс орнынан берілетін анықтама
 
Төлеушінің атауы ____________________________________________________
Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), сондай-ақ орналасқан жері/тіркелген орны ____________________________________________________________________
Қызметкердің Т.А.Ә. _________________________________________________
Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ________________________
 
Кезең
(ай және жыл)
Жалақы
(табыс) сомасы
Әлеуметтік аударымдардың сомасы, теңге
Ескертпе
аударылған
төленген
1
2
3
4
7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиыны
 
 
 
 
Барлығы ____________ айда ___________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
Негіздеме:_____________________________________________________
(анықтама беру үшін негіздеме болған құжаттар)

 

Мөр
орны
Басшы ____________ _____________________________________ 
(қолы) (Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер ___________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Берілген күні: 20__ жылғы «___» ___________________

 

Өзгертілді: 15.01.2015 16:12
Орналастырылды: 03.08.2015 11:49

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем

Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін енгізілді.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады. Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (МӘСЖ) қатысушысы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі – ЗТМО) тіркелген жері бойынша жүгінеді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
2) Тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) – (түпнұсқасы);
3) Баланың (балалардың) туу туралы куәліктерінің көшірмесі немесе туу туралы актілер жазбасынан көшірме, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары (түпнұсқасы мен көшірмесі);
4) банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20-білгілік есепшот туралы хабарлама - түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;
5) Егер бір жасқа дейін ұл баланы (қыз баланы) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша функцияны жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды) (ұл баланы, қыз баланы) асырап алу туралы сот шешімі үзіндісінің көшірмесі;
6) Егер бір жасқа дейін баланы (балаларды) қамқорлығына алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыру органы шешімінің көшірмесі.
Өзгертілді: 15.01.2015 16:11
Орналастырылды: 03.08.2015 11:55

ЗТМО Павлодар облыстық филиалының құрылымдық бөлімшелері

ЗТМО бөлімшесінің атауы 
ЗТМО бөлімшесінің орналасқан мекенжайы
Қаланың коды және 
телефон
нөмірі 
Жұмыс кестесі
ЗТМО Павлодар облыстық филиалы
Павлодар қаласы,
Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй
8-7182
704408
704409
704410
704411
704412
704413
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліс уақыты - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліс уақыты - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.
 
 
 
 
ЗТМО Ақсу аудандық бөлімшесі
Ақсу қаласы,
Астана көшесі, 26-үйpavlodar01@gcvp.kz
8-71837
49940
ЗТМО Екібастұз қалалық бөлімшесі 
Екібастұз қаласы,
К. Пішенбаев көшесі, 6-үй
8-7187
799990
 
ЗТМО Ақтоғай аудандық бөлімшесі
Ақтоғай ауылы,
Мүткенов көшесі, 12А-үй
 
8-71841
79920
 
ЗТМО Баянауыл аудандық бөлімшесі
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 55-үй
 
8-71840
79950
 
ЗТМО Железин аудандық бөлімшесі
Железинка ауылы,
Әуезов көшесі, 54-үй
871831
79960
ЗТМО Ертіс аудандық бөлімшесі
Ертіс ауылы,
2-Набережная көшесі, 44-үй
 
871832
79970
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліс уақыты - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.
 
ЗТМО Качиры аудандық бөлімшесі
Тереңкөл ауылы,
Елгин көшесі, 128-үй
 
871833
79980
ЗТМО Лебяжье аудандық бөлімшесі
Аққу ауылы,
С.Хамзин көшесі, 4-үй
871839
79938
ЗТМО Май аудандық бөлімшесі
Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 28-үй
871838
79909
ЗТМО Павлодар аудандық бөлімшесі
Павлодар қаласы,
Мир көшесі, 22А-үй
87182
703737
ЗТМО Успен аудандық бөлімшесі
Успенка ауылы
Терешкова көшесі, 24-үй
871834
79997
ЗТМО Шарбақты аудандық бөлімшесі ГЦВП
Шарбақты ауылы,
1 Май көшесі, 24-үй
871836
79999
Өзгертілді: 15.01.2015 16:08
Орналастырылды: 03.08.2015 12:01
Көрсетілетін қызметті алушылардың назарына!
ХҚО-на (және ЗТМО-на) жүгіну арқылы Сіз келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ала аласыз:
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»;
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»;
«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау»;
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы»;
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау»;
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау».
 
Көрсетілетін қызметті алушылардың назарына!
www.egov.kz «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ала аласыз:
 «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі 
жәрдемақыларды тағайындау»;
«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау».
Сонымен қатар www.egov.kz «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша ақпарат ала аласыз:
- зейнетақы төлемдерін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);
- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);
- мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);
- бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту).
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Өзгертілді: 15.01.2015 16:07
Орналастырылды: 03.08.2015 12:11

Тұрғындардың назарына!!!

Алыс орналасқан елді мекен тұрғындарына
мобильді қызмет көрсету аясында
мемлекеттік қызмет көрсету
 
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру мақсатында Павлодар облысы бойынша барлық жерлерде  шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсететін мобильді топ ұйымдастырылып, жұмыс атқаруда.
Мобильді топ – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Халыққа Қызмет көрсету орталығы» РМК, «Қазпошта» АҚ білікті мамандарынан құрылған топ.
ЗТМО мобильді тобы зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдайды, халыққа кеңес береді, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құжаттар береді.
Мобильді топ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, қарт адамдарға, шалғай елді мекендерде  тұратын халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылды.
 
 
Сенім телефоны
 Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта зейнетақымен қамсыздандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесі, басқа да жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мәселелері бойынша сенім телефонының жұмыс істейді, сондай-ақ ЗТМО қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеті туралы (8 7182) 70-44-01, (8 7182) 70-44-07 сенім телефондары арқылы күн сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін сенбі, жексенбіден басқа күндері байланысуға болады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпаратты:
- Министрдің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттыран бекіту туралы» № 279 бұйрығынан;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiңwww.enbek.gov.kz интернет-ресурсынан;
- ЗТМО РМҚК (Астана қаласы) www.gcvp.kz интернет-ресурсынан;
- ЗТМО облыстық филиалы және оның құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық стендiлерiнен табуға болады.
 
 
Контакт-Орталығына ақысыз бірыңғай 1411 шағын нөміріне қоңырау шалып, Сіз өзіңізге мүдделі келесідей мәселелер жөнінде кеңес ала аласыз:
        - Еңбек қатынастары;
        - Халықты жұмыспен қамту;
        - Зейнетақымен қамсыздандыру;
        - әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру.
Сіз, қалалық  және ұялы телефон аркылы  қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.
Бұдан басқа, Контакт-Орталыққа электрондық пошта ( е-mail -  info@info.mintrud.kz)  немесе интернет (Web порталы: www. info.mintrud.kz) аркылы өтіуге болады 
Жұмыс іздеп жүрсіз бе? 1411 нөміріне ақысыз SMS хабарламаны жолдап, өзіңіздің елді мекеніңізде  бос жұмыс орындары  бойынша ақпарат алыныз. 
Сұрау салғаннан кейін, сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары  бар жұмыс берушілер жөніңде ақпарат жіберіледі.
 
            SMS хабарламаның үлгісі:  *жұмыс* қала коді *мамандық#
         
              Мысалы:                          *жұмыс*7172*жүргізуші# 
                                                       *работа*7282*мұғалім# 
                                                       *работа*72834*дәрігерлік бикеш# 
      
SMS хабарламаны  жiберу  және қабылдау – тегін.
 
Өзгертілді: 15.01.2015 16:05
Орналастырылды: 04.08.2015 15:00
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау Қызметі қызмет атқаруда.
1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар.
Мугедек-балаларды тәрбиелуеші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.
Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және ұялы телефон аркылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.
Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін:
- Интернетке қосылған компьютер;
- Веб-камера
- Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;
- Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.
 
Қосылу Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411
Өзгертілді: 15.01.2015 16:03
Орналастырылды: 03.08.2015 12:19

Sms-хабарлама жіберу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезде Орталық бөлімшесі немесе ХҚО бөлімшесі тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны  өтініш берушінің өзі келген кезде береді немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
Өтініш беруші Орталықтың аудандық немесе қалалық бөлімшесіне зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген кезде sms-хабарлама келетін ұялы телефон нөмірін көрсетуге құқылы.

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2017
разработано: NF Group