+7 (71839) 21-376
kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Аудан басшылығы

21 Қыркүйек 2015 ж.

Айткенов Ернур Нурмуханович

 Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы - Лебяжі ауданының әкімі

Е.Н. Әйткенов 1965 жылы Павлодар облысының Май ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.Сонымен қатар экономика магистрі, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежелері бар.
Ернұр Әйткенов еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Осы жылдардың ішінде түрлі қызметте жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары Павлодар облысы ауыл шаруашылығы департаменті бөлімінің басшысы, 1998-1999 жылдары Железин ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2006-2010 жылдары Май ауданының әкімі болған.
2014 жылдың қазан айынан бастап екі жылдай Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2017 жылғы 9 наурызда Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі болып тағайындалды.

 20160208_121352

 Смағұлов Бауыржан Рахметұлы - аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі оырнбасары.

Аудан әкімінің өкімімен Бауыржан Рахметұлы Смағұлов  аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Смағұлов Б.Р. 1971 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2000 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар мелиорация ПМК-71 мекемесінің жұмысшысы болып бастады. Одан кейін Лебяжі ауданы қаржы бөлімінің инспекторы, Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы, мәдениет бөлімінің есепшісі, қаржы бөлімінің маманы болып қызметтер атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1998 жылы Лебяжі ауданы қаржы бөлімінің жетекші маманы, экономика және қаржы басқармасының бас маманы, «Қазақстан Халық банкі» ашық акционерлік қоғамы №249902 филиалының меңгерушісі, Лебяжі ауданы әкімінің қаржылық мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы аудандық почта байланысы торабының басшысы, Успенка ауданы қаржы және экономика басқармасының бас маманы, Павлодар қаласы қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің бастығы, «Қазақстан Халық банкі» ашық акционерлік қоғамы №249902 филиалының бастығы, аудан әкімінің кеңесшісі     лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан бүгінгі күнге «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Аққу ауылындағы қызмет көрсету орталығының бастығы болып қызмет етті.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

 

 IMG_8305 - копия

Қасымова Алма Жантемірқызы - аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

1972 жылы Лебяжі ауылында туған. 1993 жылы «Орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 1997 жылы «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Бесқарағай негізгі мектебінде мұғалім болып бастады.

1998 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

1998 жылдың мамыр айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің маманы.

1998 жылдың шілде айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылдың тамыз айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

2009 жылдың қаңтар айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппарат басшысы.

2012 жылдың тамыз айынан Лебяжі ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын иеленді.

2012 жылы «Аймақты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жоғарылату семинарының бағдарламасын,

2013 жылы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында басшы құрамының біліктілігін арттыру республикалық оқу-әдістемелік орталығының курсын сәтті аяқтады.

Аудан әкімінің (2014 жыл, 2011 жыл) және аудандық мәслихаттың (2013 жыл) Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер ісі жөніндегі Агенттігінің Құрмет грамотасымен (2011 жыл) марапатталған. 2010 жылы «Лебяжі ауданының  ең үздік мемлекеттік қызметшісі» болып аталды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер ісі жөніндегі Агенттігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай төс белгісімен марапатталды. 

 

 

 

20160601_180624

Машрапов Азат Амангелдіұлы - аудан әкімінің аппарат басшысы.

Лебяжі ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 маусымдағы өкімімен Машрапов Азат Амангелдіұлы аудан әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Машрапов А.А. 1979 жылы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Лебяжі ауданы өндірістік-коммуналдық сала бөлімінің жетекші маманы ретінде бастап, аудандық «Қазпошта» акционерлік қоғамының есепшісі болып жалғастырды. Бірнеше жылдар  аудандық телекоммуникация торабының сату бойынша маманы, одан кейін осы мекемеде цех бастығы болып қызмет атқарды. 2008 жылы Лебяжі ауданы бойынша салық басқармасының жетекші маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің, аудандық мәслихаттың бас маманы, ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы болып істеді.

Соңғы кездері аудан әкімі аппараты персоналды басқару бойынша бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.  

Үйленген, 3 бала тәрбелейді.

© "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2017
разработано: NF Group